фото: tengrinews.kz
Сағат белдеуін өзгерту туралы шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды болып табылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Министрдің сөзінше, уақыттың өзгеруінен ел экономикасына зиян келмеген, халықтың энергия тұтыну көрсеткішінде де айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ал қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мақсатында медицина, физиология, метрология мамандарынан құралған 60 адамдық жұмыс тобы зерттеу жүргізген. Ондағы мамандар 5-ші сағат белдеуі Қазақстанның көптеген өңірі үшін ең дұрыс және оңтайлы нұсқа деген шешімге келді. Отырыс барысында Премьер-министр Олжас Бектенов бұл шешімді Үкімет қолдайтындығын айтып, жұртшылық үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через