фото: https://pixabay.com/ru/
Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 45 ауыл қысқартылады.
Қазір осыған байланысты әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы шықты.
Бұл елді мекендерде 10 адамнан аз тұрады. Енді жергілікті билік өкілдері оларға «болашағы бар» деген ауылдарға көшуге көмектеседі.
Өңірде жабылайын деп тұрған ауылдың бірі Краснопёровка. Кезінде бұл елді мекенде 120 үй болған. Тоқырау жылдары кеңшар тарап, жұмыссыз қалған тұрғындар жан-жаққа көшіп кеткен. Соңғы сегіз жыл мұнда екі-ақ адам тұрады.
Солардың бірі Атлас Файрушин. Ол осы ауылға 90-жылдары көшіп келген. Қазір әйел, бала-шағасы қалада тұрады. Ал өзінің көшкісі жоқ. Елде азын аулақ қой ұстайды. Ескі болса да тракторы бар.
Солтүстік Қазақстан облысында биыл адам саны оннан аспайтын 45 елді мекен қысқартуға ұшырайды. Бұл мәселе облыстық әкімдік, мәслихат пен қоғамдық кеңесте қаралып, тиісті қаулы шығарылды.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через