фото: https://pixabay.com/ru/
Қарағандыда мұнара кранының өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін таңертең Крылов көшесінде жаңа ғимараттың аумағында, 6-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы жанды. Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрады.
"Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", — делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через