фото: ru.freepik.com
Елімізде қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды Еегемен Қазақстан сайты жариялапты. Қазір стоматолог, дипломат, денешынықтыру мұғалімі сынды мамандықтар сұранысқа ие екен. Мұның дәлелі – биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында талапкерлер арасындағы ең үлкен бәсеке былтырғыдай тіс дәрігері мамандығына болған – бір орынға 35 адамнан келеді. Екінші орында «Халықаралық қатынастар және дипломатия» – бір орынға 11 адам үміткер. «Денешынықтыру мұғалімі» мамандығына – 10, «Психология» мамандығына 9 талапкерден келеді.
Біздің ауданда да кейбір мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Мәселен, автоэлектрик, математика пәнінің мұғалімі сынды мамандықтар жетіспейді екен. Бұл ресми болғанымен, қарапайым өмірде де көріп жүрміз. Қазір техника тілін түсінгендердің дәурені жүріп тұрған кез. Сондықтан мектеп бітіруші түлектердің медицина мен технологияға баруы өте құптарлық іс.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через