фото: https://pixabay.com/ru/
Павлодар облысының тұрғыны бір айдың ішінде алаяқтарға 40 миллион теңге аударған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте киберқылмыспен күрес бөлімінің жедел қызметкері Сұлтан Қадыржанов айтты, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол "Kaspi Profit" деп аталатын жалған инвестициялық платформаның жарнамасына алданып қалған.
"Егде жастағы әйел әлеуметтік желіде ұсынылған сілтемеге өтіп, жеке мәліметтерін қалдырған. Осыдан кейін олар оған қоңырау шалып, капиталын көбейтуді ұсынады. Мұны істеу үшін оған аз ғана пайыз төлеу керек болды. Нәтижесінде әйел бар жиған-тергенін алаяқтарға беріп, кейін несие алып, достарынан қарызға алған. Ол бір айдың ішінде алаяқтарға барлығы 40 миллион теңге аударған", - деді спикер.
Алаяқтар ұрлаған қаражаттың басым бөлігі шетелге кетіп жатыр.
Құқық қорғау органдары азаматтарға жеке деректерін бермеу, бейтаныс адамдарға смс хабарлама түрінде келетін тексеру кодтарын айтпау, бейтаныс сілтемелерді баспау және түсініксіз қосымшаларды орнатпау қажеттігі туралы ескертті.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через