фото: https://pixabay.com/ru/
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмыс істеуге қашан бара алатынын айтып берді.
Оның айтуынша, қазанда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген.
"Олардың Еңбек министрлігінде басшылық ауысып, біздің келісімді келісу процесі сәл созылып кетті. Құжат әзірленіп, талқылау және келісу үшін Оңтүстік Кореяға жіберілді", – деді Жақыпова Мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, бұл келісім жыл аяғына дейін қабылдануы мүмкін. "Содан кейін қазақстандықтар ол жаққа жұмысқа бара ала ма?" – деп сұрады журналистер.
"Әрине", – деп жауап берді еңбек министрі.
https://kaz.tengritravel.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через