Йод тапшылығының алдын алу!

Йод тапшылығының алдын алу!
фото: https://www.google.com/url?sa=i&url=https www.facebook.com

    Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регеламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің мамандары йод зат алмасуды және энергия өндіруді бақылайтын қалқанша безінің жұмысы үшін маңызды екенін естеріңізге салады.  Йод тапшылығының аурулары деп - қалқанша без қызметінің бұзылуынан туындайтын науқасты айтамыз. Негізінен бұл дерт ағзадағы йод мөлшерінің төмендеуінен туындайды. Йод жүйке жүйесінің күйіне, адамның эмоционалдық  және оның психологиялық денсаулығына жауапты екенін бәріміз жақсы білеміз. Бұл гормондардың синтезіне тікелей қатысатын жалғыз микроэлемент және ол организмде өндірілмейді, біз оны күнделікті қабылдауымыз керек. Ересек адамдар үшін йод қабылдаудың нормасы тәулігіне 200-300 мкг, ал жүкті әйелдер мен емізетін әйелдер үшін  200-300 мкг-ге дейін көтеліріледі.

Бұл мәселе мен қалай күресуге болады? Бір ғана жауап бар - йодпен байытылған тағамды жеу арқылы йод тапшылығын жою, яғни бұл йод тапшылығының алдын алудың ең қарапайым және қолжетімді жолы. Сондықтан азық-түлік өнімдерін сатып алғанда, таңбалауға назар аударыңыз. Дәл осы таңбалау туралы ақпаратта йодтың құрамы туралы білуге ​​болады. Бірақ йод тапшылығы ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы «ана – жаңа туған – бала – жасөспірім» тізбегі бойынша алдын алу болып табылады, яғни йод тапшылығының алдын алуды неонаталдық жастан бастау керек. Сонымен қатар, егер ағзада йод жетіспесе, тұз немесе басқа өнімдер оның орнын толтыра алмайды. Сізге йод препараттарын тағайындайтын маманмен кеңесу керек. Осылайша Сіз ағзадағы йодтың күнделікті мөлшерін бақылап, денсаулығыңызды бақылауда ұстай аласыз.

Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  техникалық  регламеттерінің сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Смагулова Назира Камалбаена; Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  техникалық регламеттерінің сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Анысбеклва Асел