фото: https://pixabay.com/ru/
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы азық-түлік бағасына қалай әсер етінінін айтты.
Бүгін Астанада өткен брифингте журналистер доллар бағамы күрт көтерілгеннен кейін азық-түлік бағасы қалай өзгеретінін сұрады. Ұлттық банк басшысы айтарлықтай өзгеріс болмайды деп отыр.
"Доллар бағамының өзгеруі басқа елдерден импортталатын тауарлардың бағасына әсер етеді. Бірақ бізде азық-түліктің басым бөлігі өзімізде шығарылады. Осы уақытқа дейін фермерлер ішкі нарықты барынша қамтамасыз ете алатындай деңгейге жетті. Сондықтан азық-түлік жағынан баға өзгермеуі керек", - деді Сүлейменов.
Айта кетері, бүгін бас банкир базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі де өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, өзінің жинаған ақшасын не істегенін ашық айтты.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через