фото: www.instagram.kudaibergenov.dimashh
Әлемге әйгілі қазақтың әншісі Димаш Құдайберген Дубайдан сәлем жолдап, күні кеше алған марапатын рухани ұстазы – биыл 95 жасқа толып отырған бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенованың құрметіне арнады.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через