фото: https://pixabay.com/ru/
Жыл басынан бері Алматыда 213 ана егіз және 2 ана үшем дүниеге әкелді.
"Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының мәліметінше, егіз туу көрсеткіші бойынша Алатау, Медеу және Бостандық аудандары көш бастап тұр.
- Алатау ауданы – 42 егіз;
- Медеу ауданы – 37 егіз бен 1 үшем;
- Бостандық ауданы – 30 егіз және 1 үшем;
- Наурызбай ауданы – 26 егіз;
- Әуезов ауданы – 22 егіз;
- Жетісу ауданы – 20 егіз;
- Алмалы ауданы – 18 егіз;
- Түрксіб ауданы – 18 егіз.
Алматы қаласы АХАТ басқармасының басшысы Баян Абдулланованың айтуынша, 34 600 туу актісі тіркелген.
"Туу туралы куәлікке өтінімді онлайн режимде және ХҚО арқылы беруге болады. Ата-ана атанған азаматтар туу туралы куәлікке тапсырысты өз бетінше проактивті түрде де және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да бере алады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі", – деді АХАТ басқармасының басшысы.
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен төленеді:
- Бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК;
- Төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК.
Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.
Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде алғашқы елулікке енеді екен. Көш басында Африка құрлығындағы Нигерия тұр. Алматы қаласы егіз балалардың көрсеткіші бойынша республика бойынша үштіктің қатарында тұр.
https://almaty.tv/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через