фото: Қарағанды облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі
Қарағанды облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі
Фильм мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен түсірілген
Оператоы Жанарбек Елеубек "Бауырына салу" фильмі үшін Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде "Үздік операторлық жұмыс" жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
Асхат Кучинчирековтің "Бауырына салу" фильмі Қазақстан атынан ресми түрде "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" номинациясында 2025 жылғы "Оскар" сыйлығына ұсынылды.
Фильм мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен түсірілген.
Айта кетейік, "Бауырына салу" фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті. Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды.
Еске салсақ, бұған дейін бұл фильм Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды деп тапқан.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через