фото: https://pixabay.com/ru/
Астанада жыл сайын күн суытып, жылыту маусымы басталар алдында оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй секторында профилактикалық шаралар жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Профилактикалық шараларға аулаларды аралау, рейдтер, үгіт-насихат жұмыстары кіреді. Аралау барысында пештер мен мұржаларды, электр жылытқыштардың орнатылуына ерекше назар аударылады. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар беріледі.
Департаменттің бастамасы бойынша 2024 жылғы 19-23 қараша аралығында Астана қаласының тұрғын үй секторында қосымша профилактикалық жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т.б. өкілдерімен бірлесіп, барак-жалдамалы тұрғын үйлерді, жатақханаларды, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғылықты жерлерін, хостелдерді орналастыру орындарын және жеке тұрғын үй секторларын аралау жұмыстары жоспарланған. Қыс мезгілінде өрттің басым көпшілігі аталған нысандарда болады.
Аралау барысында пештер мен түтін мұржаларын, электр жылытқыштарды орнатуға басты назар аударылады. Пештер мен түтін мұржаларын орнатудағы бұзушылықтар анықталған жағдайда, үй иелеріне ақауларды жою бойынша ұсынымдар беріледі және өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы жадынамалар табыс етіледі.
Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылы елорда аумағында 625 өрт орны тіркелді. Өртке шығулардың басым бөлігі (шығулардың жалпы санының 40%) тұрғын үй секторына тиесілі.
Сондықтан, трагедиялық салдарды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау өте маңызды.
Өрттердің алдын алу үшін нысандардың иелері мен барак-жалдамалы тұрғын үйлер, хостелдер, қоғамдық жатақханалар және жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керек:
жылыту пештері мен мұржаларды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
оларды қараусыз қалдырмау;
электр жабдықтарын шамадан тыс жүктемеу;
тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану ережелерін қатаң ұстану;
балаларды қараусыз қалдырмау;
газ баллондарды пайдалану кезінде сақ болу.
Аталмыш іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өткізілуде.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через