Астанада самбодан Әлем чемпионаты өтеді

Астанада самбодан Әлем чемпионаты өтеді
фото: pexels.com

Бір апатадан соң Астанада жауынгерлік, спорттық самбодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады qazaqstan.tv сайты. 

Байрақты бәсекеге 84 мемлекеттен 700-ге жуық спортшысы қатысады. Біріншілікте ел намысын 28 балуан қорғайды. Арасында 3 әлем чемпионы бар. 

Спортшыларымыз жарысқа қызу дайындық үстінде. Ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имахановтың айтуынша, самбошыларымызға 2 алтын медаль жеңіп алу міндеті қойылған. 

Елімізде 19 жылдан кейін өткелі жатқан жарыстың басты ерекшелігі – алғаш рет әйелдер арасында жауынгерлік самбодан және зағип жандар арасында өтеді. 

Дүбірлі дода 8-10 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады.

 Біріншілікті көруге шетелдерден 2 мыңнан астам турист келуі мүмкін. Қазір билеттер сатылымда. Бағасы 1000 теңге. 

Жарыстың жүлде қоры 311 мың доллар.