фото: pixabay.com
Режиссер Қанат Бейсекеевтің командасы Almaty Air Initiative қорымен бірлесіп Алматыдағы түтін туралы деректі фильмнің жұмысын аяқтағанын және оны алғашқы көрермендерге ұсынуға дайын екенін қуана хабарлаймыз. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы жазды.
"Алматы? Түтінмен өмір сүруге бола ма?"деген тақырыпта туынды Алматыдағы түтін проблемасына, оның қала тұрғындарының денсаулығы мен өміріне әсеріне, сондай-ақ оның пайда болу себептеріне арналған.
Картинада ауаның ластануымен белсенді күресетін адамдар: химия саласының профессорлары, медицина ғылымдарының докторлары, қоғамдық ұйымдардың басшылары, меценаттар, журналистер, көлік саясаты жөніндегі сарапшылар, сәулетшілер мен урбанистердің пікірлері берілген. Түсірілімге сондай-ақ азаматтық белсенділер, Алматы тұрғындары және мемлекеттік сектор өкілдері қатысты.
Жаңа деректі фильмнің тұсаукесері Алматыда - 27 қарашада Cinemax кинотеатрында «Dostyk Plaza» СОО өтеді
Қосымша ақпарат шақыру билетінде жазылған.
Фильмнің тұсаукесеріне барғысы келген алматылықтар алдында ала ұйымдастырушылармен хабарласуы керек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через