фото: Алматы әкімдігі
Алматыда сот шешімімен тағы бір құрылыс нысаны бұзылып жатыр.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, Курильская көшесі,11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат сот шешімімен заңсыз деп танылды.
Фото: Алматы әкімдігі
«Бұған дейін басқарма өкілдері Danil тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама жолдады. Талаптар орындалмағандықтан басқарма нысанды бұзу үшін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді», - хабарлады басқармадан.
Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Алматыда өткен жылдың басынан бері 50 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай бұзылды.
Бұған дейін Алматыда заңсыз салынған техникалық қызмет көрсету орталығы бұзылған еді.
Сондай-ақ Қала құрылысын бақылау басқармасы Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялаған болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через