фото: https://www.24.kz
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы музейде суретші Гауһар Бисенғалиеваның көрмесі өтіп жатыр.
«Ұлы Дала мұрасы» атты экспозицияға автордың 70-ке таяу туындысы қойылған. Дені киізден жасалған. Суретші көне материалды шебер пайдалана отырып, ұлтымыздың мол мәдени мұрасын паш етеді. Төл өнерімізді заманға сай жаңғыртып, оған жаңа кейіп берген автордың бұл еңбектері көпшілік көңілінен шықты. Көрмеден сонымен қатар жүнмен жұмыс істеуге арналған құралдар, дәстүрлі қолөнермен айналысқан қазақ шеберлерінің сирек фотосуреттерін де көруге болады. «Ұлы дала мұрасы» атаумен қалың жұртшылыққа жол тартқан іс-шара ай соңына дейін жалғасады.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через