Алматыда тегін 12 мұз айдыны ашылады

Алматыда тегін 12 мұз айдыны ашылады
фото: https://pixabay.com/ru/

       1 желтоқсаннан бастап Алматыда 12 ашық мұз айдыны ашылады. Мұз айдындары қаланың әр жерінде орналасқан, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

       Мұз айдындарының ауданы 500-ден 1900 м2-ге дейін, бір маусымда 300 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

      "Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Жалға алу құны бір сеанс үшін 1,5 мың теңге (2 сағат), жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Өз конькиімен келгендер үшін сырғанау тегін", - деп жазды ведомство.

       Ашық мұз айдындары бойынша жоба 2017 жылдан бастап іске асырылуда және осы уақыт ішінде оларға 2 миллионнан астам адам келген.

       Мұз айдындарының мекен-жайлары:

       Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы

       Halyk Arena

       28 панфиловшылар саябақ

       Тұңғыш Президент саябағы

       Наурызбай әкімдігінің алдындағы алаң

       ҚБТУ тұрағы

       "Авиатор" Стадионы

       Көкжиек ықшам ауданы

       "Гүлдер" саябағы

       Алматы Арена

       №6 оқушылар үйі

       Ғ. Мүсірепов атындағы БЖТ алдында

       https://sputnik.kz/