фото: pixabay.com
Бейнебақылау өз кезегінде күзет жүйесінің негізі саналады. Бақылау жүйесі арқылы түсірілім жүргізіледі және айналадағылар тарапынан әрбір әрекет жазылады. Мұндай жүйе дүкендердегі, қонақ үйлердегі, кеңселердегі, үйлердегі және басқа да орындардағы тәртіпті бақылайды, деп жазды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Бүгінгі таңда көптеген түрлі қауіпсіздік жүйелері құрылды және жүйе қаншалықты заманауи болса және ол неғұрлым жақсы болса, соншалықты жақсы түсірілім, жақсы жазба жасалады және олар үнемді әрі сенімді болады. Кез келген нысанның қауіпсіздігі осындай бақылау жүйесінсіз мүмкін емес.
Алматыда полиция 150 мың бейнебақылау камерасының мүмкіндігін пайдаланады.
ПД бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігі туралы айтты. Polisia.kz жазғанындай, полицияның жедел басқару орталығында 45809-ға жуық бейнебақылау жүйесі орнатылса, оның 25840-ы білім беру нысандарында орнатылған. Жыл басынан бері бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 2183 қылмыс ашылып, 15310 қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі анықталды.
Фото pixabay.com.
Бүгінде Алматыда қалалық бейнебақылау жүйесін нақты уақыт режимінде басқаруға, болып жатқан оқиғаларға жедел жауап беруге, сондай-ақ тұлғаны тану функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін Бірыңғай бейнебақылау платформасы жұмыс істейді.
Жалпы алғанда, жүйе жол қозғалысын басқарады және қауіпсіздік бейне-аналитикасының функцияларын орындайды. Жүйенің енгізілуімен қалада қылмыс деңгейі төмендеуде. Алматы қаласыЗаң мен тәртіп
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через