17 баланы бауырына басқан қазақ отбасы

17 баланы бауырына басқан қазақ отбасы
фото: https://pixabay.com/ru/

Солтүстік Қазақстан облысындағы Слушок деген ауылда қазақ отбасы балалар үйінен 17 бала асырап алған. Отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар көп ұлтты. Соған қарамастан балалардың барлығы қазақ тілінде сөйлейді. Асырап алған ата-анасы Гүлнұр Ахаева балаларға қазақы тәрбие беріп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіріп келеді. ҚазАқпарат