фото: pixabay.com
eGov порталында жедел жәрдем қызметін көрсету ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жоба пайда болғаны, артынша бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен резонанс туғаны күні кеше, деп жазды qazaqstan.tv.
Жұрт, шақырулардың төртінші категориясына байланысты шулап кетті. Созылмалы сырқаты бар адамдарға жедел жәрдем график бойынша барады деген бап. Елдің «Бұл не сұмдық?» деген ащы сауалына Денсаулық сақтау министрлігі «Дұрыс түсінбей қалдыңыздар» деп, комментарий бере бастады.
Алдымен жедел жәрдемнің төрт категорияға қалай бөлінгенін талдап алайық:
1. Пациенттің өмірі қыл үстінде тұрса;
2. Пациенттің өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда;
3. Пациенттің денсаулығына қауіп төніп тұрған жағдайда,
4. Егер пациенттің созылмалы сырқаты асқынса, өмірі мен денсаулығына кәдімгідей қауіп төніп тұрғаны байқалмаса;
Сонымен дау туған төртінші категорияға байланысты не жазған?
Осы категорияға жатқызылатын адамдар соққан қоңырауды диспетчер жалпы басқарудың автоматты жүйесі арқылы денсаулық сақтау мекемелерінің мобильді бригадаларына бағыттайды дәп тәпсірлеген.
Фото pixabay.com
Ал олардың жұмыс уақыты жұмыс күндері 8-ден кешкі алтыға дейін. Сенбіде түскі 12-ге дейін, жексенбі – демалыс. Мобильді бригаданың келуін 2 сағатқа дейін күтуіңіз мүмкін. БАҚ пен қоғам осылай түсінді. Дегенмен министр А.Әлназарова қандай да бір категорияға қарамай, адамдарға 24/7 режимінде қызмет көрсетілетінін айтады. Өзгеріс – емханалар жанынан құрылатын бригадаларға қатысты дейді. Сондай топтардың санын арттырып, жедел қызмет көрсетуге талпынып отырмыз, тіпті балаларға педиатр, ал ересектерге профильді мамандарды жібермекпіз деп мәлімдеді.
Бұрын бір бригада 35 мың адамды қамтыса, енді 25 мың адамға қысқаратын көрінеді. Кешкі сегізден кейін және демалыс күндері жедел жәрдем, оған дейін бригадалар барады. «Бұл жедел жәрдем қызметін күту уақытын азайту үшін керек норма» - деді Әлназарова.
Айту керек, жедел жәрдем төрт категорияға 2020 жылы бөлініп қойған. Біріншісіне 10 минут, екіншісіне 15 минутқа дейін, үшіншісіне 30 минутқа дейін, төртіншісіне 1 сағатқа дейін бару керек екен. Біздің ойымызша, мәселе осыдан басталады. Себебі белгіленген уақыт сақталмайды.
Уақытында келмегеннен көмекке аса мұқтаж жанның үзіліп кететін кезі болмайды емес, болады. Енді созылмалы ауруы бар адамдар тек мобильді бригадаға ғана байланса, әрі ұзағырақ күтсе, қалай болады?-деген ашу мен реніш аралас реакция - заңды.
Бұл тұста дұрыстап түсіндіру жұмысының қандай маңызды екені көрініп тұр. Көпшілік түсінбейтін қылып жазса, демек шикілік бар деген сөз ғой. Дұрыстап түсіндіру демекші, біз ұсынатын материалда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері тағы болмайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через