фото: https://pixabay.com/ru/
2024 ж 13 наурыздағы ҚР ДСМ бұйрығы негізінде 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР ДСМ 16 қарашадағы № 196/2020 «Жеке медициналық құжаттарды беру, есепке алу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіледі.
Жеке медицинкалық кітапша (ЖМК) –сыртқы түрі мен мәліметтерін электрондық цифырлық формада толығымен жаңғырта отырып, жұмысқа жіберілгендігі туралы белгімен нәтижелері жазылатын жеке құжат.
Медициналық кітапша – жұмыс істеуге рұқсат беретін белгімен беріледі, яғни, қызметкердің электрондық цифырлық қолтаңбасы мен денсаулық сақтау субъектісінің QR-кодымен куәландырады. Медициналық кітаптарды беруді меншік нысанына және ведмоствалық бағыныстылығына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар және Ресурстарды басқарудың ақпараттық жүйесінде тіркелген медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
Медициналық кітап иесінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады. Жеке медициналық кітапша маманның аты-жөні, ЭЦҚ және денсаулық сақтау субъектісінің QR коды көрсетіле отырып, жұмысқа қабылдау шарттары көрсетіледі.
Мәліметтердің қате енгізілгені анықталған жағдайда тисіті жазбаны енгізген денсаулық сақтау субектісінің қызметкерлері оның жеке куаландырылған ЭЦҚ арқылы түзетулер енгізіледі.
Бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Алматы қаласы Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының тахникалық регламеттерінің сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Анысбекова Асел Жалғасбекқызы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через