фото: https://time.kz/
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Албниядағы әлем чемпионатының финалына шықты. Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Жәмилә Бақбергенова Тиранадағы олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі. 72 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз алғашқы белдесуінде молдовалық балуаннан басым түссе,ширек финалда балуан чехиялық Адела Ханзличкованы 6:3 есебімен, жартылай финалда да монғол балуаны Болортунгалаг Зоригті де 6:3 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. Ал финалда қытайлық балуанмен белдеседі. Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды. https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через