фото: https://pixabay.com/ru/
Ол жылдың ең үрейлі мерекесі саналады.
Хэллоуин мерекесі кезінде қызғылт сары асқабақ басты атрибут ретінде қолданылады. Дәстүр бойынша дәл осы күні астық жинау аяқталған мезгіл.
Асқабақ астық жинау науқанының аяқталуымен қатар, жын-пері мен оны үркітетін отты да білдіреді. Хэллоуиннің бұл атрибутының танымал болуына Jack-o-lanterns – асқабақтан жасалған көз, мұрын және ауыз ойықтары бар шам себепші болған.
Алғаш рет "Джек шамдары" Ирландия мен таулы Шотландияда пайда болған. Бастапқыда мұндай шамдар үшін тарна немесе шалқан қолданылды. Әулиелер күнінде үй жанына қойылған осы тектес дақыл баспананы жын-періден қорғайды деген сенім болған.
1835 жылы Дублин журналы (Dublin Penny Journal) "Джек шамы" атауы қайдан шыққанына түсініктеме беретін мақала жарялады. Оған сәйкес, бұл ішімдікті ұнататын Джек есімді ұста ібілісті алдаған. Ол қулығының арқасында бейқам тіршілік кешкенімен, ажал құшқан кезде не жұмаққа, не тозаққа кіре алмаған. Ол қиямет күнін күтіп, жер бетінде рух бейнесінде кезіп жүруге мәжбүр болған. Джек шайтаннан алған бір түйір көмірді асқабақ ішіне салып, әлемді шарлап жүрген көрінеді.
Хэллоуинді тойлау АҚШ-та кең тарала бастаған шақта шамдар тек асқабақтан дайындалды. Себебі ол арзан әрі қолжетімді материал болды. Солтүстік Америкада алғаш рет шамшырақ 1837 жылы дайындалған. 2013 жылдың қазанында Кин қаласында асқабақ фестивалінде 30581 Джек шамы жағылып, рекорд орнатылды.
Дәл осы күні АҚШ-та асқабақпен байланысты көп фестиваль мен байқау өтеді. Елдегі Гудзон алқабындағы The Great Jack O’Lantern Blaze фестиваль ең таңғажайып мерекелік іс-шара болып саналады. Мұнда асқабақтан бүтіндей бір қалашық құрастырылады.
Хэллоуиндегі асқабақ түрі 1837 жылы пайда болды.
Бүгінгі күні бізге таныс Хэллоуиндегі асқабақ түрі 1837 жылы пайда болды. 1866 жылдан бастап бұл мереке асқабақсыз өтпейді. Хэллоуинде асқабақта көз, мұрын мен ауыз ойықтары жасалып, дақыл ішіне балауыз немесе электр шамы орнатылады.
Ирландиялықтар мен шотландиялықтардың арғы бабасы саналатын кельт халқында көз жұмған адамдардың бейітінің жанына шам қою дәстүрі бар. Олар марқұмдар осы арқылы арғы дүниеге жол табады деген сенім болған.
Кельттер үлкен көкөністер ойылған бастарды түрлі ырымда пайдаланған. Олар өлімнен кейін адам рухы басқа затқа қонады деп сенген. Сонымен қатар кельттер адамның жаны басында болады деп сеніп, жауларының басын міндетті түрде шауып отырған. Бастапқыда Хэллоуиндегі мұндай шамдар үшін тарна немесе шалқан қолданылды
Көне әлемнен АҚШ-қа қоныс аударғандар үшін бұл көкөністі табу қиынға соқты. Сондықтан олар көп бақшада кездесетін асқабаққа ден қойып, осы дақылды қолдана бастады.
Хэллоуин (All Hallows' Eve, All Hallowed Souls Eve, All-Hallows-Even и All Saints' Eve) ағылшын тілінен аударғанда "әулиелер кеші" дегенді білдіреді. Сонымен қатар Хэллоуин атауының шығуына неміс-скандинавиялық Өлім құдайы Гель де себепші болған. Хэллоуин 31 қазанда, католитік шіркеу күнтізбесі бойынша Әулиелер күні қарсаңында аталады. Мереке туралы алғаш рет жазба түрінде 1556 жылы жазылған хатта айтылған.
Кельттер бұл күнді зұлым рух немесе жын-перімен байланыстырмаған. Бұл олар үшін егін жинаудың соңғы күні болды. Осы күні қысқы азық үшін мал сойылып, оның сүйегін болашақты болжау үшін қолданған.
Хэллоуин кезінде жөн-жоралғы арқылы ескіден арылып, жаңа нәрсеге бастама берген. Көне ағылшындар алма, күзгі астық, гүлді үлкен ағаштардың түбіне көміп, оны құдайларына сый ретінде тарту еткен және өздері жәрдем сұрап, дұға еткен.
Америкада миллиондаған ирландық пайда болған кезде Хэллоуин қарсаңында "отты жанары бар" асқабақты әрбір үйден кездестіруге болатын. Америкалықтар бұл кеште түрлі костюм киіп, көршілерден ақша немесе тәтті тағам сұрауды әдетке айналдырды.
Қазір бұл мереке Еуропаға қайта оралуда. Балалар үрейлі киімдер киіп, көрші үйлерді аралап, тәтті талап етеді. Сонымен қатар үй ауласы қорқынышты атрибуттармен әсемделеді
Америкалықтар Хэллоуинді екі ғасырға жуық уақыттан бері атап келе жатқанына қарамастан, бұл ресми мереке емес. Бұл АҚШ тұрғындарына жыл сайын Хэллоуин кезінде костюмдер, әсемдеулер мен құттықтау хаттары үшін қомақты қаражат жұмсауға кедергі емес.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через