Ұлытау облысында бензин тапшы

Ұлытау облысында бензин тапшы
фото: https://dzen.ru/

       Жергілікті билік бір-екі күнде жанар-жағармайға қатысты жағдай тұрақталады деп сендіріп отыр.

       Ұлытау облысының тұрғындары бензиннің жоғына шағымданып жатыр.

       "Сәтбаев және Жезқазған қаласында бензин жоқ. Сағаттап кезекте тұрмыз, бензин талонмен беріліп жатыр. Жексенбі, кеше, бүгін, міне үшінші күн бензин жоқ. Бір жерден вагонмен келе жатыр дейді, білмейміз қашан бензин болатынын", - дейді тұрғындардың бірі.

       Ал әкімдіктегілердің айтуынша, бензин барлық бекетте емес, кейбірінде ғана жоқ.

“Бүгін түнде жанар-жағармай тиелген 2 вагон, ал келесі күндері апта соңына дейін 16 вагон келеді деп күтілуде. 23 қазанда жанар-жағармай сатудағы жағдай тұрақталады, бекеттердегі қолданыстағы шектеулер алынып тасталады”, - делінген Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

       https://sputnik.kz/