фото: astanatv.kz
Ғалымдар отбасындағы тұңғыш баланың кімге тартатыны жөнінде бірнеше зерттеу жүргізген.
Мамандардың сөзінше, тұңғыш бала екі жаққа да ұқсап өмірге келеді деген нақты бір заңдылық жоқ. Себебі генетикалық тұқым қуалау кездейсоқ сипатта болады. Әр бала ата-анасынан 50% ген алады.
Деседе бірнеше қызықты тұжырымдар бар:
Сырт келбеті мен бойы
Кейбір зерттеулерде баланың алғашқы жылдарында көбіне әкесіне көбірек тартатыны байқалады. Бұл зерттеу бойынша егер бала әкесіне көбірек ұқсаған жағдайда, әке биологиялық байланысын сезініп, оған қамқорлығын күшейтеді деген эволюциялық гипотеза ұсынылған. 1995 жылы Францияда жүргізілген бір зерттеуде адамдарға нәрестелердің суреттерін көрсетіп, олардың әкесіне немесе анасына көбірек ұқсайтынын анықтаған. Көптеген қатысушы өзін әкесіне көбірек ұқсайтынын айтқан.
Интеллект пен когнитивті қабілеттері кімнен беріледі?
Баланың интеллектуалдық қабілеттерінің көп бөлігі анасынан беріледі деген тұжырым бар. Бұл Х-хромосомамен байланысты гендерге қатысты, себебі когнитивті қабілеттерді анықтайтын кейбір маңызды гендер осы хромосомада орналасады. Ер балалар анасынан бір Х-хромосома, ал қыз балалар екеуін де (анасынан және әкесінен) алады.
Мінез-құлқы мен денсаулығы
Баланың мінез-құлқы мен денсаулығына ата-анасының екеуі де теңдей әсер етеді. Мысалы, жүрек аурулары мен басқа тұқым қуалайтын аурулар екі жақтан да берілуі мүмкін. Сондықтан генетикалық ерекшеліктер ата-ананың екеуіне де бірдей байланысты болуы мүмкін.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через