Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

фото: https://pixabay.com/ru/

Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен.

Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды. Бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді.

Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды.

Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындап жатыр.

 ҚазАқпарат

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз