фото: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға сирек кездесетін жағдаймен науқас түскен. Мәліметке сүйенсек, науқастың тамағында біз тәрізді өсінді пайда болған.
Науқас 2 жыл бойы тамағында бір нәрсе тұрғандай сезінген, оның жұтынуы қиындап, салмақ жоғалтып, басы айналған. Профессор Серік Тұрсынбаев пен тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаевтың жетекшілігімен дәрігерлер науқастың тамағындағы түсініксіз нәрсені алып тастау үшін күрделі ота жасады.
"Ота күрделі болды, өйткені ұзарған өсінді маңызды тамырларға, соның ішінде миды қанмен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясына жақын болды. Кез келген қате қимыл өмірге қауіп төндіретін салдарға әкелуі мүмкін еді. Оның үстіне ұйқы артериясын қайта қарау және өсіндіні алып тастау бір уақытта жүргізілуі керек еді, бұл ерекше дәлдік пен жоғары шеберлікті қажет етті. Хирургтардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті өтті", – деп жазылған хабарламада.
Науқас дәрігерлерге ризашылығын білдірді.
"Диагностиканы уақытылы жүргізген және ауруханаға жатуды ұсынған профессор Серік Ерішұлы Тұрсынбаевқа ерекше ризашылығымды білдіремін, ол мені ауыр зардаптан құтқарды. Сондай-ақ бөлім меңгерушісі Рахман Сапарбаевқа және оның бүкіл командасына алғысымды білдіремін. Олар – өз ісінің нағыз мамандары", – деді ол.
Профессор Серік Тұрсынбаевтың сөзінше, мұндай жағдай өте сирек кездеседі.
"Ересектерде біз тәрізді өсіндінің ұзындығы орта есеппен 20-30 мм, ал Азия тұрғындарында 15,4-18,8 мм болады. Ұзындығы 30 мм-ден асатын өсінді ұзарған болып саналады. Мұндай өсінді негізінен 30 жастан асқан адамдардың шамамен 4 пайызында кездеседі. Біздің жағдайда өсіндінің ұзындығы 1,5 см болды", – дейді дәрігер.
https://massaget.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через