Құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық баласын сатып жіберген

Құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық баласын сатып жіберген
фото: pixabay.com

Индонезиялық ер адам ақшасын құмар ойынға жұмсау үшін 11 айлық ұлын сатып жіберген, деп жазды kaz.inform.kz. 

Атап өтілгендей, әкесі құмар ойындарға тәуелділігін қаржыландыру үшін келісім-шартқа отырған. 36 жасар ер адамның баланы сатудан 800 долларға жуық ақша алғаны белгілі болды. Оқиға анасы ұлының жоғалып кеткенін байқап, полицияға хабарласқанда анықталған.

Нақты айғақтардан кейін индонезиялық ер адам қылмысын мойындаған. Баланы сатып алушылар адам саудасына күдікті ретінде қамауға алынған, олар үлкен мөлшерде айыппұл төлеуі және 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, біздің елде 165 мыңнан астам азамат букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан ерікті түрде бас тартты. Енді олардың бәске тіккен ақшасы 10 жыл бойы қабылданбайды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, көбі 31-35 жастағы азаматтар. Жалпы құмар ойынынан өз-өзін шектеу үшін eGov мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Онлайн қызмет биыл наурыз айында іске қосылған.