Қазақстандық фильм Испаниядағы кинофестивальге қатысады

Қазақстандық фильм Испаниядағы кинофестивальге қатысады
фото: Instagram/madinamovie

Қазақстандық "Madina" фильмі Испаниядағы Asian Film Festival Barcelona кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы актриса Мадина Ақылбек өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Фильмнің режиссері — Айжан Қасымбек.

Басты кейіпкер — жас жалғызбасты ана Мадина. Күндіз ол балалар мен ересектерге би үйретеді, ал кешке іс-шараларда биші болып жұмыс істейді. Екі жұмыс арасындағы бос уақытын кейіпкер отбасымен бірге өткізеді, осылайша бірнеше әлеуметтік маңызы бар мәселе көрерменге жол тартады.

Айта кетейік, фильм ішінара актриса Мадина Ақылбектің шынайы оқиғасына негізделген. Сондай-ақ, қыркүйек айында "Амур күзі – 2024" театр және кинофестивалінде актриса "Үздік актриса" сыйлығын жеңіп алды.

Ол Испаниядағы фестивальдің өтетін күні туралы қосымша хабарлауға уәде берді.