фото: https://sportclan.ru/
“Жарнама туралы" Заң аясында елімізде букмекерлік кеңселер мен ойын жарнамаларына толық тиым салу қарастырылып жатыр.
Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасын қалай бақылайтынын түсіндірді.
“Жарнамаларға қарсы күрес екі жүйемен: автоматтандырылған және физикалық түрде де іске асырылып жатыр. Заң аясында барлық букмекерлік кеңсе, казино жарнамасына толық тыйым салу қарастырылған. Спорт министрлігі, Ақпарат және цифрландыру министрлігі құқыққа қайшы контентті қамтитын кез келген интернет-ресурс, желілер мен телекоммуникацияларға тұрақты мониторинг жүргізеді. Сайттардан атып шығатын қалқымалы жарнамалардың да құқық нормалары, лицензиясы тексеріледі. Автоматтандырылған режимде бұл "Кибернадзор" ақпараттық жүйесінің желісі бойынша жүргізіледі. Қазір бұл "Кибернадзор" жүйесі елеулі техникалық және бағдарламалық жаңартудан өтіп жатыр. 1-2 күн ішінде қайта пайдалануға енгізгеннен кейін жарнаманың кез келген түрі бұғатталады”, – деді ол.
Бұған дейін шенеуніктердің, борышкерлер тізімінде тұрғандар мен жасы 21-ге толмаған азаматтардың құмар ойын ойнауына тыйым салынғанын жаздық.
Бұдан былай "Жарнама туралы" Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселер мен казиноларды барлық ресурстарда жарнамалау мүмкін емес.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через