фото: .pexels.com
Елдегі әрбір төртінші әуе рейсі кешігеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жыл басынан бері біздегі авиакомпаниялар 50 799 мәрте жолаушы тасымалдаған. Оның 12 мыңында ұшақтар уақытылы ұшпаған. Кешіктірулердің 68%-не әуе компаниялары кінәлі. Бұл жайлы Азаматтық аваиция комитеті хабарлады. Мамандардың айтуынша, уақытында қызмет көрсетпегені үшін тасымалдаушыларға 12,5 млн теңге айыппұл салған. Ал олар 8 айда 448,2 млрд теңге табыс тапқан.
Фото pexels.com.
Әуе рейстерінің кешігуі Қазақстанда ғана емес әлем елдерінде де жиі кездесетін жағдай. Әсіресе мұндай оқиғалар кейінгі жылдары көбейген. Ал бұған халық наразы. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар бұған бірнеше фактор әсер ететінін айтады. Олар қандай? Ұшақтардың кешігуіне немесе ұшу уақытының кейінге шегерілуіне көп жағдайда ауа райы қолайсыздығы себеп болып жатады. Бұған АҚШ-та ойран салған дауылдар мен тропикалық циклондар дәлел. Табиғи апаттан мыңдаған адам діттеген жеріне дер кезінде жете алмай, жолда қалды.
Ұшу-қону жолақтарын мұз басуынан Еуропада да жыл сайын жүздеген рейс кейінге шегеріледі. Тағы бір себеп – әуежай мен әуе компаниялары қызметкерлерінің шерулері. Мұндай жағдай әсіресе кәрі құрлық елдерінде жиі кездеседі. Еңбек жағдайына көңілі толмайтын жұмысшылар бас көтеріп, әуежай қызметіне кедергі келтіріп жатады. Соның салдарынан ұшақтар көкке көтеріле алмай, әуе компаниялары миллиондаған доллар шығынға батады. Әуежайлар мен әуе компаниялары халыққа көрсетілетін қызметті жетілдіру үшін енгізген жаңа технологиялар кесірінен де кейде осындай қиындыққа тап болады. Атап айтқанда, жолаушыларды тіркеу жүйелеріндегі ақаулардан бұл процестің жылдамдығы төмендеп, әуе рейстерінің кестедегі уақытынан кешігетін кезі әлем елдерінде көп кездеседі.
Фото pexels.com.
Бұдан бөлек, әуе қозғалысын басқару жүйелеріндегі ақаулар да бар. Мәселен, 2023 жылы Ұлыбританияда әуе қозғалысын басқару жүйесіндегі техникалық ақау мыңдаған рейстердің кешігуіне себеп болды. Бұл жағдай жолаушылар арасында үлкен наразылық тудырып, әуе компанияларына қосымша шығындар әкелді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через