Қазақстан Ресейден табылған құнды тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды

Қазақстан Ресейден табылған құнды тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

       Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы "Архив-2025" бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесін жарыққа шығарды.

       Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеді.

       Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген.

       Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

       https://baq.kz/