фото: pixabay.com
Республикалық референдумның өткізілуіне байланысты ІІМ күшейтілген жұмыс режиміне ауысты, деп жазды zhasalash.kz.
Республикалық референдумның өткізілуі кезеңінде ІІМ құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. 2 қазаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізілетін болады. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады, делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқаратын болады. Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізеді.
Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз ететін болады, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через