фото: https://pixabay.com/ru/
Таңқаларлықтай мәңгілік адал махаббат тек арман мен қиялдарда ғана емес, шынайы өмірде де болады. Бірақ бұл үшін екі байланысы ол тек әдемі сөздерге ғана емес, олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі және ой-армандары, пікірлерінің біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс.
Marriage and Family Review журналында жарияланған зерттеуде Иллинойс мемлекеттік университетінің (АҚШ) психологтары Мишель Дуда мен Раймонд Бергнер адамдар арасындағы махаббаттың ұзақ сақталуына байланысты факторларды ашты.
1. Сезімді аялау
Екі адамның бақытты да, баянды махаббаты олардың тұрмыс жағдайы, бір-біріне деген сезімі мен қамқорлығына байланысты.
Сіздердің әрқайсыңыз өзіңді жақсы сезінуге, сүйгеніңіздің тілектері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны пайда үшін емес, риясыз риза етуге үнемі қаражат жұмсап отыруыңыз керек. Кейбір адамды махаббатпен қатар молшылық қатар жайлылық жан рахатына бөлейді.
Өмірлік серігіңіздің бақытты болуын, оның мұқтаждық көрмеуін қамтамасыз етуіңіз керек. Сүйген жарыңызды өміріңіздің ажырамас бөлігі ретінде қабылдағаныңыз жөн.
2.Құрмет пен сыйластық
Тағы бір маңызды мәселе бір-біріңізге құрметпен қарау. Әрбір адам екінші жартысын сыйлап, оған ерекше құрметпен қарауы тиіс. Адал некеде болу, жарыңызға сатқындық жасамау.
Сүйгеніңіздің сізге деген сенімін жоғалтпаңыз. Екі адам бір-бірінен риясыз сенген кезде ғана, отбасы берік, махаббат мәңгілік болады.
Сонымен қатар, бұл тек физикалық ғана емес, сонымен бірге бір-біріне эмоционалды адалдық, шын жүрегімен адалдық махаббатты мызғымастай сақтауға кепіл болмақ.
3. Сенім және қамқорлық
Бұл тұрақты махаббаттың тағы бір кепілі. Бұл жағдайда нақты, шынайы жақындықты жәй сөзге айналдырмай, түсініксіз сән терминінен ажыратып қараған жөн.
Бұл сіздің жаныңыздың ең жасырын бұрыштарын басқаларға ашып, оны ішкі әлеміңізге кіргізіп, онымен ең жақын үміттеріңізді, тілектеріңізді, армандарыңызды, қорқыныштарыңызды, уайымдарыңызды бөлісу арқылы ғана қол жеткізуге болатын нәрсе.
Бұл жақын адамдардың арасындағы нәзік байланыс, және ол екі адамның бір-біріне деген сенімін нығайтатын болады.
Сіз ол адамға өзіңіздің бойыңыздағы барлық әлсіздіктеріңізбен, осалдықтарыңызбен, кемшіліктеріңізді толық көруге мүмкіндік бересіз. Оның сізді әрқашан таңдайтынына сенімдісіз, ол қашанда сіздің жағыңызда болады.
Екеуіңіз де бір-біріңіздің алдыңызда өзіңізді соншалықты қауіпсіз сезінгенде, екі адамда ажырамас сезім пайда болады.
4. Бір-бірін қабылдау
Адамдардың бір-бірін толық қабылдауы-ол нағыз махаббаттың берік қамалы. Сіз бір-біріңізді барлық оғаштықтар мен кемшіліктерге қарамастан жақсы көресіз. Сіз бір-біріңізді өзгерткіңіз келмейді, басқа адам жасағыңыз келмейді.
Сізге бірдеңе ұнамаса да, сіз серіктестің барлық қиындықтары мен кемшіліктерін бар шынайы болмысымен қабылдайсыз.
Егер сіз екеуіңіз де өзіңізді сол күйінде қабылдаған болсаңыз,махаббатта жолы болған нағыз бақытты жансыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через