фото: pexels.com
Квадробикаға қарсы күресті қолға алды. Өзбекстанда жануардың маскасын киіп төрттағандап жүретін жастардың ата-аналары енді жазаға тартылмақ, деп жазды ktk.kz сайты.
Өйткені бұған дейін Ташкентте итке еліктеген жасөспірім тіпті жолаушыларға үріп, қауып алмақшы боп қорқытқан. Мұны көрген кішкентай балалар квадробердің мұндай қылығынан шошып қалыпты.
Фото pexels.com.
Осындай жағдайлардан кейін Өзбекстан ІІМ жаңа субмәдениетке еліктеген жеткіншектердің ата-анасына 2 миллион сумға жуық айыппұл салынатынын ескертті. Полицейлер балалардың психикасын да тексермекші.
Өзбекстанмен қоса, қазір Ресей Думасында квабробингке қарсы заң дайындалып жатыр. Адамнан айуан кейпіне еніп, «ТикТокта» мұны трендке айналдырып жатқандар көбейген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через