фото: pixabay.com
2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 5 адам қайтыс болғаннан кейін донор болып, 19 адамның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 6 782 қазақстандық қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген.
Әр түрлі аймақтарда 5 адам донор болып үлгерді:
Ақмола облысы – 2 адам
Павлодар облысы – 1 адам
Түркістан облысы – 1 адам
Алматы – 1 адам
Денсаулық сақтау министрлігі 4103 адам, оның ішінде 85-і балалар орган трансплантациясын қажет етіп, кезекте тұрғанын атап өтті.
Бұған дейін «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда мәйіт донорлығы мәселесі аянышты халде екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, 4 мыңнан астам қазақстандық донорлық орган трансплантациясына кезекте тұр. Статистикаға сәйкес, олардың көпшілігі кезегіне жетіп үлгермсейді. 200-ге жуығы жыл соңына дейін өмір сүре алмайды. Қайтыс болған донордың трансплантациясы басқа адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін, бірақ Қазақстанда қайтыс болған донорлардың ағзаларын трансплантациялауға көзқарас екіұшты. Көбінесе туыстары алып тастауға келісім бермейді. Павлодар облысындағы трансплантология жөніндегі үйлестіруші Дмитрий Потеребух «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық туралы айтты.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через