фото: https://www.istockphoto.com/
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда көлікті сақтандыру бағытында түзетулерді әзірледі. Алдағы уақытта тіпті тәжірибелі жүргізушілер үшін де сақтандыру бағасы қымбаттамақ.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру қызметін жетілдіру, оның ішінде міндетті автосақтандыруда қолданылатын "бонус-малус" жүйесін жақсарту үшін нормативтік актілерге түзетулер әзірленді. Соның ішінде негізгі өзгеріс – санатты 18-ге дейін кеңейту, ал ең төменгі санат М2 болмақ.
Түсіндірме жазбада атап өтілгендей, егер сақтанушының кінәсінен ауыр зардаптармен (қаза болу немесе мүгедектік) жол көлік оқиғасы болса, оның санаты автоматты түрде м2-ге дейін төмендейді. Жүйе, сонымен қатар, апаттың жиілігін ғана емес, сонымен бірге зақымданудың ауырлығын да ескереді.
Жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты коэффициенттер де енгізіледі. Бірнеше жол жүру ережесін бұзғаны үшін (мысалы, жылдамдықты арттыру немесе мас күйінде жүру) полис ұстаушының санатын төмендетеді. Сәйкесінше сақтандыру полисінің құны көтеріледі.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через