Диетолог танымал ең зиян таңғы асты атады

Диетолог танымал ең зиян таңғы асты атады
фото: https://pixabay.com/ru/

       Диетолог және эндокринолог Оксана Михалева кейбір танымал таңғы астың зиян екенін айтып, оны тұтынудан бас тартуға шақырды. 

       Дәрігердің сөзінше, адамдар көбіне таңғы асқа ақ нан, шұжық, май және ірімшіктен тұратын жоғары калориялы бутербродтар жейді. Маман алайда бұл өнімдердің тағамдық құндылығы іс жүзінде жоқ екенін айтты. Себебі олар тез сіңіп, ағзаны витаминдер, талшықтар және минералдармен байытпайды екен. Сонымен қатар мұндай тамақтану ішек дисбиоценозының, іш қату және асқазан-ішек ауруларын тудырады. 

       Маман таңғы асқа өсімдік майы мен қантты пайдаланып тазартылған дәндерден жасалған таңғы ас жармаларын және жеңіл тағамдарды жеуге кеңес берді.  

       Бекон немесе шұжық және апельсин шырыны қосылған омлет те ағзаға пайда әкелмейді.

       “Бекон – майлы және жоғары калориялы өнім. Шұжықтар да пайдалы өнім емес. Қуырылған жұмыртқа қосымша калория мен майдың көзі. Табиғи жаңа сығылған шырынның құрамында қарапайым көмірсулар (негізінен фруктоза) мен талшықтар аз”, – деді маман. 

       Дәрігер жоғарыда келтірілген зиян таңғы астардың орнына пайдалы тағамдарды жеуге кеңес берді.

       “Қуырылған күркетауық, дәмдеуіштер және көкөністер қосылған тұтас дәнді сэндвич шұжық қосылған ақ нан сэндвичінен әлдеқайда пайдалы. Таңғы асқа пісірілген жұмыртқа немесе көкөніс қосылған омлет, ірімшік немесе авокадо бөлігі қосылған тұтас дәнді тосттар тұтынған жөн”, – деді маман.

       https://stan.kz/