Бұдан былай әскерден қашқандар миллиондаған айыппұл төлейді

Бұдан былай әскерден қашқандар миллиондаған айыппұл төлейді
фото: istockphoto.com

       Қазақстанда әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

       Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті. Қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және SMS-пен жолданып жатыр.

        Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі.

       https://sn.kz/