фото: pixabay.com
Баланың аяғы тез өседі және оның қалыптасуы өсу процесінде пайда болады. Сондықтан дұрыс таңдау жасау керек. Дұрыс таңдалған аяқ киім баланың жайлылығына және көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар аяқтың доғасын қалыптастырады, дене қалпын, жүрісін, тепе-теңдігін және тірек-қимыл аппаратының сау дамуын қалыптастырады. Ыңғайсыз төсемі бар аяқ киімді кию жалпақ табан мен сколиозға әкелуі мүмкін, ал сапасыз дөрекі материалдар дерматологиялық проблемаларды тудыруы мүмкін.
Сонымен балаларға арналған аяқ-киімді қалай таңдау керек?
Бұл сұрақты Алматы қаласы Әуезов ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тахникалық регламеттерінің сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Анысбекова Әсел Жалғасбекқызына жолдаған едік.
Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдерге арналған аяқ киімнің сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Балалар аяқ киімін таңдаған кезде олардың қауіпсіздігіне, ережелер мен стандарттарға сәйкестігіне назар аудару керек. Дұрыс таңдалмаған аяқ-киім баланың жүрісін бұзып, ширақ қозғалуына кедергі келтіреді. Балалар мен жасөспірімдердің аяқ киімі «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 007/2011 талаптарына сәйкес болуы керек, дейді Әсел Жалғасбекқызы.
Аяқ киімнің маңызды қызметі - табанның айналасын қолайлы микроклиматпен қамтамасыз ету. Аяқ киім дайындалған материалдың физикалық-гигиеналық қасиеттері қоршаған ортаның әр түрлі микроклиматтық жағдайына аяқ киімнің ішінде керекті режимнің ұсталуын қамтамасыз етуі керек. Ауа өткізетін табиғи материал болуы керек. Бала аяғының терлеуі бала денсаулығына кері әсер етеді.
Фото pixabay.com
Аяқ киімді келесі материалдармен қаптауға рұқсат етілмейді:
-барлық жас топтары үшін жабық аяқ киімдер жасанды және (немесе) синтетикалық материалдардан;
-сәбилер мен кішкентай балаларға арналған ашық аяқ киімдерде жасанды және (немесе) синтетикалық материалдардан жасалған;
- сәбилер мен кішкентай балалар аяқ киімдері үшін 20%-дан астам химиялық талшықтары бар тоқыма материалдарынан;
-сәбилерге арналған қысқы аяқ киімдегі жасанды үлбір және фланельдер;
Аяқ киімде келесі материалдардан жасалған ішектерге жол берілмейді:
- жасанды және (немесе) синтетикалық материалдардан сәбилерге және кішкентай балалар аяқ киімдеріне;
- сәбилер мен кішкентай балалар аяқ киімдері үшін 20%-дан астам химиялық талшықтары бар тоқыма материалдарынан.
Кішкентай балаларға арналған аяқ киімдерде табиғи материалдармен қапталған жазғы және көктемгі-күзгі аяқ киімдерді қоспағанда, үстіңгі материал ретінде жасанды және (немесе) синтетикалық материалдарды пайдалануға жол берілмейді.
Фото pixabay.com
Аяқ киімге рұқсат етілмейді:
3 жасқа дейінгі балаларға арналған ашық өкшесі;
қысқа мерзімді киюге арналған аяқ киімді қоспағанда, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған бекітілмеген өкшесі;
Аяқ киім биологиялық және механикалық қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек.
Біз, санитарлық дәрігерлер әрбір ата-ана балалар аяқ киімін сатып алғанда, осы талаптарды басшылыққа алады деп сенеміз. Балалар біздің болашағымыз, дейді Анысбекова Әсел!
Дұрыс таңдалған аяқ киім бала денсаулығының кепілі. Балаларымыздың болашағы үшін қауіпсіз және сапалы өнімдерді таңдай білейік!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через