фото: pexels.com
Авторлардың құқығын жасанды интеллектен қалай қорғаймыз? Алматыда авторлық қоғамдар бас қосып, осы мәселені шешу жолдарын талқылады. Онсыз да елімізде шығармашыл адамдардың құқығы толық қорғалмай жүрген дейді мамандар.
ktk.kz сайты жазғанындай, жасанды интеллект арқылы жасалатын туындылардан авторға ақша өндіру қиын. Бірақ бұған қол жеткізу үшін осы саладағы ұйымдар бірлесіп әрекет етуі керек дейді шараға қатысушылар. Алтыншы рет өткізілген конференцияға шетелдік авторлық қоғам өкілдері да шақырылған.
Отандық өнер иелерінің туындылары тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де қолданылады. Алайда оған сыйақы мен қаламақы төленбейді. Негізі біреудің туындысын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауап қарастырылған. Алайда автор құқығы туралы заң да елімізде дұрыс жұмыс істемейді дейді мамандар.
Қайрат Баянов, Автордың және сабақтас құқық қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымның Павлодар қаласы бойынша директоры: – Өнер болсын, сурет болсын, драматургия, пьеса болсын — авторы бар. Міндетті түрде оның бір авторы болады. Пьеса жазылғанда да авторына белгілі бір деңгейде қаламақысы, еңбегі ғой, сол еңбегі еленбей қалып жатады. Концертте де әншінің, әнінің ар жағында міндетті түрде автор мен композитор тұрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через