Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді
фото: https://sport12.kz/

       Жеңіл салмақта (57 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. 

       Сенбі күні Лас-Вегастағы UFC турнирінде қазақстандық спортшы бразилиялық Матеусу Николаудан басым түсті. Нәтижесінде жеңіл салмақта 14-ші орында тұрған Асу жетінші орында тұрған Николауды 29-28, 29-28, 29-28 есебімен жеңді.

       Асу соңғы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп жеңіске жетті. 

       Бұл Алмабаевтың мансабындағы 21-ші жеңісі және оның UFC рекорды қазір 4-0. Ол өзінің жеңісті сериясын қатарынан 17 жекпе-жекке дейін ұзартты. Ал Николау болса, ол үшінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады.

       Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы өткізіп, жеңіске жетсе, Матеус соңғы екі шайқасында Брэндон Ройвал және Алекс Перестен ұтылып қалған.

       https://stan.kz/