фото: gazetaumet.ru
17 қазанда Алматыда жедел құлақтандыру жүйесі тексеріліп, Mass Alert жүйесі жаппай сынақтан өткізілді.
Сонымен қатар алматылықтарға “президенттік хабарлама” келді. Онда үш тілде ескерту жарияланған.
“Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Фото: Видеодан скриншот
Айта кетейік, бұған дейін 17 қазанда қалада жедел құлақтандыру жүйесі тексерілетіні хабарланған еді.
Онда алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберілетіні айтылған. Сынақ хабарламалары "Президенттік ескерту" немесе "Ұлттық ескерту" белгісімен келетіні жазылған.
iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына "Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" батырмасын басып, жаңалау керек делінген.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через