фото: pixabay.com
Жұқпалы аурулар - бүгінгі күнде ең қауіпті аурулардың бірі болып табылады. Сондықтан, бұл аурулардың алдын алу жолдары туралы айта кеткенді жөн көрдік.
Алматы қаласы Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы Ахметова Раушан Оразғалиқызы «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісіне әдетте жұқпалы аурулардың қалай тарайтыны және аурудан сақтанудың жолдарын айтып берді.
Жұқпалы аурулар - зардапты түрлі вирустар мен бактериялардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция! деп те атайды. Олар:
· Ішек аурулары:
· Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
· Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
· Сыртқы қабат -тері аурулары болып бөлінеді.
Фото pexels.com.
Ішек аурулары (мысалы, сальмонеллез, вирусты А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында (мысалы, қызылша, қызамық, көкжөтел, тұмау) шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан, сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.
Сыртқы қабықтардың аурулары құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Жұқпалы аурулардың алдын алу уақытылы вакцинациялауға және жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауға негізделген. Инфекциялар дүние жүзінде ауру мен өлімнің басты себебі болып табылады. Оларға әсіресе жас балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар науқастар, онкологиялық аурулардан емделетін науқастар, иммунитет тапшылығы бар науқастар осал.
Кез келген басқа да аурулар сияқты жұқпалы аруларды емдегеннен гөрі, болдырмау оңай. Оның жолы: екпе жасау, шынығу, таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, жеке бас тазалығын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту, қоршаған ортаны қорғау.
Жұқпалы аурулардың алдын алу, таралуын шектеу және жою мақсатында екпе жасау арқылы иммунопрофилактика жүргізіледі. Аурудың алдын алудың қандай әдісі болмасын, ол дертті болдырмауға мүмкіндік беретіні өте маңызды, дейді Алматы қаласы Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы Ахметова Раушан Оразғалиқызы, дейді Алматы қаласы Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы Ахметова Раушан Оразғалиқызы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через