фото: театр әкімшілігі
Павлодар облысындағы Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры 36-шы өнер маусымын ашты.
Жаңа театр маусымының шымылдығы "Шәмшіә спекталь-концертімен түрді. Театртанушы, өнер ошағы әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Аружан Оразованың айтуынша, бұл спектальдің тұсауы өткен жылы кесіліп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болған. Биыл да танымал сазгердің өміріне арналған туынды өз көрерменін асыға күтеді.
Театр сахна өнерін қалыптастыру барысында шетелдің режиссерлерімен әріптестік орнатып, репертуарлық саясатқа ден қоюда. Труппа әртістері кəсіби білім алып, актерлік шеберлік пен режиссураның қыр-сырын меңгерді. Театрда отандық жəне шетелдік шығармалардан құралған репертуар қалыптасып жатыр. Мәселен, былтыр театрымыздың бас режиссері лауазымына тағайындалған Сергей Левицкий алматылық Ғ.Мүсірепов театрына "Оптимистік трагедия", павлодарлық Ж.Аймауытов театрына "Ричард ІІІ" қойылымдарын қойды. Енді өзінің авторлық туындысы, ересектер мен балаларға арналған спектакль-шоуын ұсынады, - дейді Оразова.
Қазақ өнерінің қара шаңырағы фестивальдерге де ден қоймақ. Алаш қайраткері Ж. Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай Павлодарға 11 театр әртістері жиналып, "Ертіс-Баян" І республикалық театрлар фестивалінде бақ сынайды. Өнер додасына Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және өзге де театр труппалары келеді.
Театр республикалық, халықаралық фестивальдердің жүлдегері атанғаны белгілі. Шығармашылық ұжым биыл да өз көрерменін жаңа туындылармен қуантуды көздейді. Қазір қойылымдарға қызу дайындық үстінде, - дейді театртанушы.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через