фото: © Оқу-ағарту министрлігі
Төрт қазақстандық оқушы информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадаға аттанды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады.
Қазақстан құрамасының қатарында: Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы; Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы; Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через