фото: pixabay.com
Ас адамның арқауы. Адам күнделікті өмір сүру үшін тамақты тұтынады, асты тұтыну барысында оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне көңіл бөлген жөн. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі шыбын-шіркейлер көбейеді, олар микробтарды тасушылар болып саналады және тамақ өнімдерінің тез бұзылуына күннің ысуы да себеп.
Адамдар қалай уланады, уланудың алғашқы белгілерін қалай анықтаймыз, уланған жағдайда не істеуге болады? "Сапалы Қазақстан" порталы тілшісі осы сұрақтарды Алматы қаласы Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жансейітова Меруерт Шаймерденқызына қойған еді.
Қазіргі күні халық арасында әсіресе балалар арасында, топтық ұжымдардар арасында тамақтан улану жиіледі. Астан улануды болдырмау мақсатында жиі санитарлық- ағарту жұмыстарын атқаруымыз қажет. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайлары әр түрлі болғандықтан жұқпалы аурушылдылықтың біріне жатады, дейді Меруерт Шаймерденқызы.
Тамақтан улану - жедел аяқастынан, бірден басталады, сонымен қатар созылмалы азық түлікпен және тамақпен аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен де болады.
Тамақтан улану - табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағам өнімдерін қолдану салдарынан пайда болатын, қарым -қатынас арқылы жұқпайтын ауру.
Микробсыз тамақтан улану түрлеріне: Улы өсімдіктекті өнімдермен улану; (Саңырауқұлақтармен улану), дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арамшөптік токсикоздар); белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған жануартекті азық-түліктермен улану;
Микробсыз тамақтан улану ерекшелігі: маусымдылығы жоқ(улы сағырауқұлақмен, өсімдермен және т.б. уланудан басқасы), жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін), дене қызуы көтерілмейді,ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал,жиі 1не 2-і аспен байланысты, жаппай уланудан айқындылығы аздау, бірақта өлім жітім жоғарырақ болуы мүмкін
Микробты тамақтан улану түрлеріне: Токсикоинфекция, токсикоз, микотоксикоз
Микробты тамақтан уланудың ерекшілігі маусымдылығы айқын,жасырын кезеңі ұзағырақ,дене қызуы көтеріледі,ағымы тек қана жедел болады.Бір аспен және 2-ші аспен байланысты,жаппай улану айқынырақ, өлім жітім төмен.
Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін. Табиғаты бактериалды тамақтан улану-белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен(токсиндері)ластанған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.
Уланудың клиникалық көрінісі: Жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы, іш ауырады, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Жиі (тәулігіне 10-20 рет) іш өту пайда болады. Адамның жалпы көңіл күйі нашарлайды: артериялық қысым төмендейді, пульс жиілейді, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін.
Фото pixabay.com
Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, құрамы белгісіз етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, түрлі салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің тез дамитын ортасы болып саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар – стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет:
Тамақтан уланудың алдын алу болдырмау шараларына:
- жеке гигиена ережелерін сақтау,қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін;
- Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау;
- Тамақты дайындау технологиясын сақтау;
- Пісірілген тамақты бірден пайдалану;
- Азық-түліктерді дұрыс сақтау;
- Алдын-ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру;
- Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамау;
- Таза суды пайдалану;
- Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтау;
- Ас үйді таза ұстау, ас үй ыдысын, үстелдің бетін, тақтайшаларды арнайы жуғыштармен жуу және таза ұстау;
- Тамаққа қолданылатын өнімдерді өңлеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау;
- Жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;
- Жұмыртқаның қабығын содасы бар жылы сумен жуған абзал;
- Жеміс-жидектер мен көкөністерді судың астында жақсылап жуу қажет;
- Қаны бар бифштекстерді, жұмыртқадан жасалған глазунь жемеген дұрыс;
- Күмәнді тамақ өнімдерін тұтынбау, ретсіз сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
- Сонымен қатар азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз:
- өнімдердің орамасына, зақымдалмаған болуы қажет, жарамдылық мерзімінің күні сақталғанына назар аударыңыз;
- жемістер мен көкөністердің соғылмағаны, пішіні зақымданбаған болуына;
- жұмыртқалардың жарық болмауына;
Сіздерді салауатты өмір салтын сақтауға, ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол іздеуге шақырамыз!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через