фото: https://pixabay.com/ru/
Қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер мен нейролептиктерді қабылдау тәбетті арттырады. Жалпы практика дәрігері Александр Мясников бұл жағдайдың күтпеген себебін ашты.
"Шизофрениямен ауыратын адамдар қабылдайтын нейролептиктерді қабылдаудан көптеген науқас 10-15-20 келіге толады, ал олардың бұл дәріні ішуді тоқтатуына болмайды", - деп түсіндірді дәрігер.
Сонымен қатар қант диабетін емдеуге арналған препараттар тәбетті арттырады.
"Екінші типтегі қант диабетін емдеуге арналған көптеген дәрі-дәрмек салмақ қостырады, гормондар салмақ қосады", - деп қосты дәрігер.
Бұдан бөлек:
Су тапшылығы
Ағзаның сусыздануы аштық сезімін тудыруы мүмкін. Дәлірек айтсақ, мидағы шөлдеу, қанықтыру, аштық орталығына жауап беретін гипоталамус қызметі бұзылады. Егер тамақтан кейін қайта тәбетіңіз ашылса, бұл - ағзаңыздың сусызданудан зардап шегетінінің белгісі.
Дұрыс тамақтанбау
Үнемі аштық сезімі диета ұстайтын немесе дұрыс тамақтанбайтын адамдарды мазалайды. Оған қоса, тамақтану арасы ұзақ болса да, бұл аштық сезімін тудырады. Адам таңғы астан кейін күні бойы тамақтанбаса, кешке қатты қарны ашып, тәбеті айтарлық артуы мүмкін.
Ұйқының қанбауы
Созылмалы ұйқының қанбауы кезінде грелин синтезі жоғарылайды (тәбетке жауап беретін гормон). Бұл жағдайда лептин деңгейі төмендейді (қанықтылық сезімін қамтамасыз ететін гормон). Ұйқысыз адам әдетте әлсіздікті сезінеді. Энергияның жетіспеушілігін толтыру үшін ағза қосымша тамақ сұрайды.
Дәрі қабылдау
Кейде тәбеттің жоғарылауы сыртқы факторларға (диета, ұйқының болмауы және т.б.) мүлдем тәуелді емес. Бұл сезім іс жүзінде өзін-өзі түзетуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда себепті ағзадағы патологиялық процестерден іздеу керек. Мәселенің көздерін дұрыс диагностикалау үшін дәрігерге бару керек. Мысалы, қант диабеті, қалқанша без қызметінің күшеюі, гельминтоз, депрессия, қомағайлық аурулары кезінде тәбет артады.
https://massaget.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через