фото: https://pixabay.com/ru/
1 қыркүйекке қараған түні Артемьев шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметі.
"Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылды. KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу үшін өңірге барды", - делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Компания отбасыларға жан-жақты көмек көрсетеді.
Еске салсақ, кеше, 31 тамызда, компанияның "Ертіс" шахтасында 4 жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через