Ресей Амур жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын

Ресей Амур жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын
фото: https://pixabay.com/ru/

Бұл туралы мамандар Шығыс экономикалық форумында мәлімдеді

Ресей Амур жолбарыстарын реинтродукциялау жобасы бойынша Қазақстанға беруге дайын.

Әзірге келіссөз жүргізіліп жатыр, бірақ Ресей әдістемені әзірлеп, жолбарыстарды Қазақстанға беруге дайын отыр, деп мәлімдеді "Амур жолбарыстары" орталығының бас директоры Сергей Арамилев Шығыс экономикалық форумы аясында РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

2022 жылы Шығыс экономикалық форумы аясында елдер Қазақстан аумағына жолбарыстарды қайта жерсіндіру туралы келісімге қол қойды, олардың бір бөлігі Приморье өлкесінен әкелінуі мүмкін.

Сол кезде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан ресейлік тәжірибенің көмегімен 2025 жылы жолбарыстарды Орталық Азияға қайтара алатынын айтты.

Арамилев ресейлік мамандар бірінші кезеңде Ресейден Қазақстанға төрт жолбарыстың күшігін жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру жұмыстары біршама бәсеңдеп тұр. Біз әдістемені әзірледік, бізде таза генетикалық жолбарыстар қоры бар. Қажет болса, жануарларды қысқа мерзімде Қазақстанға беруге дайынбыз... Менің білуімше, келіссөздер ойдағыдай жүріп жатыр", - деді Арамилев.

Оның айтуынша, жақында БАҚ-та Голландия хайуанаттар бағының жолбарыстарын пайдалану мәселесі қарастырылып жатыр деген ақпарат тараған.

"Бұл, әрине, генотип және дұрыс пайымдау тұрғысынан жобаны жүзеге асыруды қиындатады... Бұл бастамаға мән берілмейді деп сенеміз... Яғни, қазір экологиялық мәселелермен қатар, саяси мәселелер де бар, бұл жерде биліктің шешімін күтеміз. Егер Қазақстан осы процесті жалғастыратын болса, онда ғалымдар мен мамандардың пікірі бойынша бәрі дайын және біз Қазақстанға дайындалған жолбарыстарды беруге дайынбыз", - деп атап өтті агенттік сұхбатшысы.

ҚазАқпарат